2026 жылғы 24 мамырға тағайындалған Қарағанды облысы Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Шет ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 15 сәуірдегі

№1 қаулысына қосымша

 

2026 жылғы 24 мамырға тағайындалған Қарағанды облысы Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Ақой ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкімдері) сайлауын тағайындау

 

Шет ауданының аумақтықсайлау комиссиясы

15 сәуір 2026 жыл (113-1-б.1,3-т.)

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен Шет ауданының аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 20265жылғы 25 сәуірнен кешіктірмей(22-б.2-т)

 

3. Шет аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 25 сәуірнен кешіктірмей(13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей – 2026 жылғы 30 сәуірнен кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау         

 

Шет ауданының әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде– 2026 жылғы 30 сәуірнен кешіктірмей(23-б. 5-т.)

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2026 жылғы 16 сәуірден басталып 2026 жылғы 28 сәуірде жергілікті сағат 18.00 де аяқталады(113-3-б.5-т.)

 

7. Әкімдікке кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

(113-2.)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1т., 31-б.)

9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинауғаарналған қол қою парақтарын беру

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдапжиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті 2026 қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін). Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2026 жылғы 1 сәуірге)

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру

 

Мемлекеттік кірісоргандары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күнішінде

(113-5-б. 3-т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат 18.00 аяқталады

2026 жылғы 3 мамырда жергілікті уақытпен сағат 18.00 де аяқталады

(113-5-б)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Шет ауданының әкімдігі және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2026 жылғы3 мамыр жергілікті сағат 18.00 ден кейін басталып 2026 жылғы23 мамыр жергілікті сағат нольге дейін

(27-б. 2-т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет ауданының әкімдігі және Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Шет ауданының әкімі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2026 жылғы 4 мамырғадейін

(24-б. 5-т.)

 

20. №607сайлау учаскесі бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретінкүнге он бескүнқалғанда

2026 жылғы 9мамырданбастап

(26-б. 1-т.)

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

№ 607 учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2026 жылғы 14 мамырға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күнненкешіктірмей

2026 жылғы 21мамырдан бұрын емес және 23мамырдан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2026 жылғы 24мамыр жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкімсайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Жергіліктіуақытбойыншасағат 20:00-дебасталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

№607 учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу

 

Шетауданыныңаумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2026 жылғы 27 мамырдан кешіктірмей

(113-10-б, 1т.)

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2026 жылғы 30 мамырдан кешіктірмей

(44-б.)

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Шетауданыныңаумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастапжеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2026 жылғы 30 мамырдан кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

2026 жылғы 24 мамырға тағайындалған Қарағанды облысы Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары
Дата публикации
15 апреля 2026