ӘДЕП НОРМАЛАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері саласын бақылау басқармасының бас маманы Рұсқұлбек Еркебұлан Ероллаұлының арнайы қатысуымен Әдеп нормаларын түсіндіру бойынша ақпараттық жиын өтті.
Жиынның мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік этиканы сақтау, әдеп кодексінің талаптарын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ жемқорлықтың алдын алу және кәсіби әдебін арттыру болып табылды.
Іс-шара барысында Еркебұлан Ероллаұлы "Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі", тәртіптік жауапкершілік негіздері, қоғаммен қарым-қатынас мәдениеті, қызмет бабында және одан тыс мінез-құлық стандарттары жайында кеңінен ақпарат беріп, нақты мысалдар арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жиын барысында қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріліп, нақты түсіндірмелер мен ұсынымдар ұсынылды.
Кездесу соңында қатысушылар аталған бағыттағы түсіндіру жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта өз қызметінде Әдеп нормаларын мүлтіксіз сақтау қажеттігі жөнінде пікір білдірді.

Дата публикации
08 октября 2025