Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №6 Қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 2 қарашаға тағайындалғанын хабарлайды.
Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 25 қыркүйекте басталып, 2025 жылдың 7 қазаны жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Шет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 12 қазаны жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 12 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 1 қараша күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы