Шет ауданының Ақшатау кенті, Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтерінің сайланған әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

Шет ауданының Ақшатау кенті, Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтерінің сайланған әкімін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМА

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-баптың 3-тармағына 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 22 маусымында өткен Ақшатау кенті, Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімінің сайлау қорытындылары бойынша Шет аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 24 маусымдағы №19 шешімімен әкімдер тіркелді:

Ақшатау кентінің әкімі болып  Шонанова Айдын Қуанышқызы тіркелді, 1969 жылы туған, Ақшатау кенті әкімі аппаратының бас маманы, Ақшатау кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының мүшесі.

Батық ауылдық округінің әкімі болып Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы тіркелді, 1979 жылы туған, Ақой ауылының тұрғыны, Батық ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының мүшесі.

Кеншоқы ауылдық округінің әкімі болып Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы тіркелді, 1974 жылы туған, Нұра ауылының тұрғыны, Кеншоқы ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының мүшесі.

Красная поляна ауылдық округінің әкімі болып Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы тіркелді, 1992 жылы туған, Красная поляна ауылының тұрғыны, Красная поляна ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының мүшесі.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
24 июня 2025