2025 жылдың 22 маусымында өткен Шет ауданының Ақшатау кенті, Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР
2025 жылдың 22 маусымында Шет ауданының Ақшатау кенті, Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 2071 азамат енгізілді, оның ішінде 1149 (55,48%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 12 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 4 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 8 кандидат.
Сайлауға кандидаттардың 8 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясы мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 7 байқаушысы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
4 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Ақшатау кенті бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 728 азамат енгізілді, олардың 392-і (53,85%) дауыс берді.
Қасымов Біржан Құсайынұлы - 37
Мұқашева Айдана Исайнқызы - 34
Шонанова Айдын Қуанышқызы – 317
Барлығына қарсы – 1.
Ақшатау кентінің әкімі болып Шонанова Айдын Қуанышқызы сайланды, 1969 жылы туған, Ақшатау кенті әкімі аппаратының бас маманы, Ақшатау кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Батық ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 361 азамат енгізілді, олардың 215-і (59,56%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы - 181
Сапарбекова Айгерым Жақсылықызы - 17
Терліков Сағадат Ғазизұлы - 15
Барлығына қарсы – 0.
Батық ауылдық округінің әкімі болып Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы сайланды, 1979 жылы туған, Ақой ауылының тұрғыны, Батық ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Кеншоқы ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 379 азамат енгізілді, олардың 176-і (46,44%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ержуманова Динара Рзаханқызы - 14
Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы - 127
Съезұлы Жарқын - 23
Барлығына қарсы – 8.
Кеншоқы ауылдық округінің әкімі болып Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы сайланды, 1974 жылы туған, Нұра ауылының тұрғыны, Кеншоқы ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Красная поляна ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 603 азамат енгізілді, олардың 366-і (60,70%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абитаева Ляззат Талғатқызы - 25
Бекенов Ерлан Мұратұлы - 21
Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы - 316
Барлығына қарсы – 2.
Красная пооляна ауылдық округінің әкімі болып Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы сайланды, 1992 жылы туған, Красная поляна ауылының тұрғыны, Красная поляна ауылдық округінің әкімі, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ