Шет ауданының Ақшатау кенті және Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Ақшатау кенті және Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 27 мамыр күні сағат 18:00-де Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Ақшатау кенті және Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Д.Амангельдинов сөз сөйледі.

2025 жылғы 15 және 27 мамыр аралығында Шет ауданының Ақшатау кенті және Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне 12 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 4, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 8. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 7 ер адам және 5 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 40 жас. Ең жас үміткер 32 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 52 жас.

Мамандықтар бойынша: 2 – қаржыгер, 2 – заңгер, 6 мұғалім, 2-басқа.

Ұсынылған кандидаттардың 12-і мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2025 жылғы 1 маусымға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
27 мая 2025