2025 жылдың 18 мамырында өткен Шет ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАР

2025 жылдың 18 мамырында өткен Шет ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы

ХАБАР

 

Ағымдағы жылдың 18 мамырында Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Әкімдікке кандидаттар саны - 3, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, " Respublica " партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 1 кандидат.

Сайлаудың өтуін бақылауға 5 "Amanat" және "Respublica" партияларының байқаушылары, кандидаттардың 6 сенімді адамы  қатысты.

Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

Сайлау округінде әкім сайланды.

 

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 375 азамат енгізілді, оның ішінде 201 (53,6%) дауыс беруге қатысты.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

  1. Калижанов Нияз Амангелдыулы – 159,
  2. Тлегенова Жансая Ерболовна – 14,
  3. Шахмин Тагат Баяндыулы – 16,

Барлығына қарсы – 0.

Шет ауылдық округінің әкімі болып Калижанов Нияз Амангелдыулы сайланды, 1965 жылы туған, Шет ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Шет ауданының Қармыс ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
19 мая 2025