Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Шет ауданының Ақшатау кенті мен Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025жылғы 14 мамырдағы №6 Қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының Ақшатау кенті мен Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 22 маусымына тағайындалғанын хабарлайды.
Ақшатау кенті мен Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 15 мамырда басталып, 2025 жылдың 27 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Ақшатау кенті мен Батық, Кеншоқы, Красная поляна ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 1 маусымы жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 1 маусымында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 21 маусымда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.
Қарағанды облысы Шет ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы