2019 жылға арналған аналитикалық анықтамасы

2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы артып келеді, атап өтсек 2018 жылы жалпы 78055 қызмет көрсетілген. 2019 жылы 11425 (12,5%)  қызметке көбейген.

Жалпы 2019 жылы 89171 қызмет көрсетілген, оның 1227 мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы 9618  қызмет көрсетілген, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 7912 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде 70424 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы мен «Е-лицензиялау» арқылы 33 қызмет және электронды түрде қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы 69805 қызмет көрсетілген.

Мерзім бұзушылықтар фактілері бойынша:

- 2019 жылдың сәуір айында ауданның жер бөлімімен «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметі бойынша мерзім бұзушылық анықталған. Бөлім басшысы С.Туғанбаева әкімшілік жазаға тартылып, бөлімнің  статист  маманы  Н.М. Хасеноваға жіберген  кемшілігі үшін сөгіс  берілді.

- 2019 жылдың мамыр айында ауданның сәулет және қалақұрылысы бөлімімен «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» қызметі бойынша 2 мерзім бұзушылық анықталған. Бөлім басшысы Р.Төлеуова әкімшілік жазаларға тартылып, бөлімнің мамандары А.Асқарбаеваға және А.Кейкинге сөгіс жарияланды.

2019 жылы жүйелік қателіктер бойынша министрліктен келіп түскен хаттарға сәйкес электрондық база арқылы 45 мерзім бұзушылық анықталған. Алайда, жүргізілген тексеріс нәтижесінде барлық қызмет мерзімінде орындалған. Мерзім бұзушылықтың орын алу себептері, электрондық базаның тиісті мәліметтерді толық көрсетілмеуі болып анықталған. Тексеріс жүргізілгендігі жөнінде дәлелді құжаттары мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне және облыстық басқармаға жолданған.

Ішкі бақылау шаралары жоспарға сәйкес 12 мекемеде 27 бағынысты ұйымда жүргізілді. Сонымен қатар, наурыз айында Ақадыр кенті әкімі аппараты мен Ақсу-Аюлы ауылдық әкімі аппаратына және тамыз айында ауданның халықты жұмыспен қамту орталығына мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізілді.

2019 жылдың 7 наурызында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыбайлас жемқорлықтын алдын алу тақырыбында аудандық «Шет Шұғыласы» газетіне мақала жарияланды.

         2019 жылы аудан орталығындағы және Ақадыр кентінің мәдениет үйлері ғимараттарында жалпы 4 рет мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қызметкерлері тарапынан қызмет алушыларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және бос жұмыс орындар жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

         2019 жылы жарық көрген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі туралы және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді популяризациялау мақсатында көпетеген бейнероликтер аудандағы барлық мектептерде, аудандық орталық ауруханадада тұрақты тұрғыда көрсетілуде. Бейнероликтер аудан әкімі аппаратының ресми сайтында орналастырылған.

2019 жылы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында қызмет алушылардың наразылық білдіру факторларын азайтуға бағытталған іс – шараларды іске асыру бойынша 5 рет дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

Бекітілген іс – шара жоспарына сәйкес қызмет алушылардың шағымдану фактілерін азайту мақсатында халықтың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына пікірлерін мониторингтеу үшін ауылдық округтер мен кенттер әкімі аппараттарында халықтан сауалнамалар алынды және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру үшін 2019 жылы көрсетілетін қызмет түрлеріне кітапшалар тарату және орналастыру бойынша ауданның мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мекемелердің ақпараттандыру тақталарында орналастырылып, 7400 дана кітапшалар қызмет алушыларға таратылды. Жалпы 2019 жылы 7400 мыңға жуық брошюралар таратылды.

         2019 жылдың сәуір айынан бастап «Сарыарқа - адалдық алаңы» жобасы аясында облыстағы алғашқы ашық әкімдік құрылып, аудан әкімі жеке қабылдау өткізуде. Сұрақтардың  басым көпшілігі  тұрғын үй, әлеуметтік көмек төңірегінде қойылып,  сұраныстарға мүмкіндігіне қарай көмек көрсетіліп, тиісті жауаптары берілді. Ашық әкімдіктің негізгі мақсаттарының бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жасы үлкен адамдарға қолайлы жағдай туғызу.

2019 жылдың сәуір айында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимаратында қызмет алушылардың наразылық білдіру факторларын азайтуға бағытталған іс – шараларды іске асыру бойынша дөнгелек үстел ұйымдастырылды.

Сонымен қатар облысы әкімдігімен бекітілген жоспарға сәйкес 12882 адамды цифрлық сауаттылыққа үйрету жоспары бекітілген. Осыған байланысты жоспарға сәйкес аудан аумағында маусым - тамыз айларында 14170 адам оқытылды, оның ішінде электрондық цифрлық қолтанбаны алу және электрондық түрде көрсетілетін мемлекттік қызметтерді алу бағыттары бойынша оқытылды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған журналдарға ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ.

2019 жылға арналған аналитикалық анықтамасы
Дата публикации
02 ноября 2020