Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама

Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 27 сәуірде  Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2025 жылғы 18 мамырға  тағайындалған Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2025 жылғы 27 сәуір сағат 18:00-ге Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылып, оның 3-і (100%) тіркелгендігін хабарлады. Оның «Amanat» және «Respublica» партияларынан бір кандидаттан және өзін-өзін ұсынушы 1 кандидат.  Тіркелген  үміткерлердің 2-і ер, 1-і әйел адам. 3 кандидаттында білімдері жоғары, мамандықтар бойынша 1 агроном, 2 техникалық.

Тіркелген кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.

2025 жылғы 27 сәуір сағат 18:00-ден бастап Шет ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 17 мамыр сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

                                                                            

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Дата публикации
28 апреля 2025