2025 жылғы 22 сәуірде Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.
2025 жылғы 10 – 22 сәуір аралығында Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - 1. Ұсынылған үміткерлердің 2-і ер, 1-і әйел адам.
Кандидаттардың орташа жасы - 48 жас. Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені 60 жаста.
3 кандидаттыңда білімдері жоғары, мамандықтар бойынша 1 агроном, 2 техникалық.
Ұсынылған кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.
Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылғы 27 сәуірге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ШЕТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ ШЕТСКОГО РАЙОНА