Шет ауданының Нұраталды, Өспен ауылдық округтерінің сайланған әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2025 жылдың 6 сәуірінде өткен Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімінің сайлау қорытындылары бойынша Шет аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 9 сәуірдегі №10 шешімімен:
Нұраталды ауылдық округінің әкімі болып Құтышев Ерлан Кошжанұлы тіркелді, 1972 жылы туған, Нұраталды ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Қошқарбай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының мүшесі;
Өспен ауылдық округінің әкімі болып Абилов Арман Хайроллаұлы тіркелді, 1983 жылы туған, Шет ауданы С. Сейфуллин атындағы кенттің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресі бойыша жаттықтырушысы, «Amanat» партиясының мүшесі
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ