Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
Шет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025жылғы 9 сәуірдегі №5 Қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының Шет ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалғанын хабарлайды.
Шет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 10 сәуірінде басталып, 2025жылдың 22 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Шет ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 27 сәуірінде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 17 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы