2025 жылдың 6 сәуіріндеөткен Шет ауданының Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР

2025 жылдың 6 сәуірінде Шет ауданының Нұраталды, Өспен ауылдық округтеріі әкімдерінің сайлауы өтті.

Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 1752 азамат енгізілді, оның ішінде 1087 (62,04%) дауыс беруге қатысты.

Әкімдікке кандидаттар саны - 6 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 2 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 4 кандидат.

Сайлауға кандидаттардың 9 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясы мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 7 байқаушысы қатысты.

Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

2 сайлау округінде әкімдер сайланды.

 

Нұраталды ауылдық бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 877 азамат енгізілді, олардың 546-і (62,3%) дауыс берді.

Амирханов Айдос Амангелдіұлы - 36

Жұмабекова Ақмарал Қайратқызы -43

Құтышев Ерлан Кошжанұлы- 458

Барлығына қарсы – 4.

Нұраталды ауылдық округінің әкімі болып Құтышев Ерлан Кошжанұлы сайланды, 1972 жылы туған, Нұраталды ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Қошқарбай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

Өспен ауылдық округі бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 875 азамат енгізілді, олардың 541-і (61,8%) дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Абилов Арман Хайроллаұлы -465

Ардақұлы Қуаныш - 38

Тасырбаева Гаухар Болатқызы - 33

Барлығына қарсы – 2.

Өспен ауылдық округінің әкімі болып Абилов Арман Хайроллаұлы сайланды, 1983 жылы туған, Шет ауданы С. Сейфуллин атындағы кенттің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресі бойыша жаттықтырушысы, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
07 апреля 2025