Шет ауданының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер есебіне арналған аналитикалық анықтамасы

 

          2024 жылда 4304 қызмет көрсетілген, оның ішінде мемлекеттік мекемелер арқылы қағаз жүзінде қызметтер көрсетілмеген, ал баламалы (ХҚКО арқылы, «электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін) түрде көрсетілетін қызметтерден мемлекеттік мекемелер арқылы, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 1011 қызмет көрсетілген. Электондық түрде 3293 қызмет, соның ішінде «электронды үкімет» порталы арқылы 1056 қызмет, ал «Е-Лицензиялау» АЖ арқылы 1503 қызмет көрсетілген.

          Мемлекеттік қызметтер саласында бүгінгі күнде қағаз түрінде көрсетілетін қызметтердің барлығы электронды түріне ауысқан. Бөлімдерге тек консультация алу үшін келеді.

             Мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердегі мемлекеттік қызмет алушылардың арыз – шағымдары мен ұсыныс пікірлеріне арналған журналдарға ешқандай арыз-шағымдар түскен жоқ.

          Шет ауданының Қоғамдық кеңесінің отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес өткізілуде.

          Аудан бойынша 26 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, 2260 буклет таратылды, бұқаралық ақпарат құралдарында 17 мақала жарияланды, 4 баннер орналастырылды, 5 Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

          Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің ақпараттандыру тақталарында жаңадан шыққан ережелер орналастырылған.

          2024 жылы 95 рет мерзім бұзылған. Бұл мерзім бұзушылықтарға жол берген тиісті сала басшылары мен мамандары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  Мемлекеттік қызметтерді орындауды бұзудың себебі кадр тапшылығы болып табылады. Көптеген бұзушылықтарды «Шет ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыстары бөлімімен» ММ жасалып отыр.

2024 жылы 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша 2024 жылы 7 мекемеге және Ақсу-Аюлы с/о, Сәкен Сейфуллин кенті, Ақадыр кенті және Ақжал кентінде ішкі бақылау іс шаралары жүргізілді.

Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету бағыттарының бірі оқыту болып табылады. Осы жұмыс аясында 5 мемлекеттік қызметші оқытылды.

          Ауылдық округтермен кенттер әкімі аппараттары ғимараттарында хабарландырулар ілінген, ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) онлайн режимде алу жөнінде видеороликтер оның ішінде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) алу нұсқаулығы таратылуда) жүргізілуде.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
27 марта 2025