Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2025 жылғы 16 наурыз күні сағат 18:00 де Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2025 жылғы 6 сәуірге тағайындалған Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.
2025 жылғы 16 наурыз сағат 18:00-ге Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне 6 кандидат ұсынылып, оның 6-ы (100%) тіркелгендігін хабарлады. Тіркелген үміткерлердің ішінде 4 ер адам және 2 әйел адам бар.
Мамандықтар бойынша 1 қаржыгер, 3 заңгер, 2-і басқа.
Тіркелген кандидаттардың 1-і мемлекеттік ұйым қызметкері, 5-і мемлекеттік қызметші.
2025 жылғы 16 наурыз сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 05 сәуір күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ