Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМА
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес 2025 жылдың 6 сәуіріне тағайындалған Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:
Нұраталды ауылдық округіне:
- Амирханов Айдос Амангелдыулы - 1986 жылы туған, Шет ауданы әкімінің аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы, Шет ауданы Бұрма ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Жумабекова Акмарал Кайратовна – 1988 жылы туған, Талды ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы, Шет ауданы Талды ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Кутышев Ерлан Косжанович – 1972 жылы туған, Нұраталды ауылдық округінің әкімі, Шет ауданының Қошқарбай ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Өспен ауылдық округіне:
- Абилов Арман Хайроллаевич – 1983 жылы туған, Шет ауданы С. Сейфуллин атындағы кенттің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресі бойыша жаттықтырушысы, Шет ауданының Өспен ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Ардақұлы Қуаныш - 1997 жылы туған, Шет ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Тасырбаева Гаухар Болатовна – 1987 жылы туған, Ақадыр кенті әкімі аппартының бас маманы, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.
Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланады.
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы