Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 11 наурыз күні сағат 18:00-де Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Д.Амангельдинов сөз сөйледі.
2025 жылғы 27 ақпан мен 11 наурыз аралығында Шет ауданының Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне 6 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 4. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 4 ер адам және 2 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 39 жас. Ең жас үміткер 28 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 52 жас.
Мамандықтар бойынша: 1 – қаржыгер, 3 – заңгерлер, 2-басқа.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері мен 5 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.
Қазіргі уақытта Нұраталды және Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2025 жылғы 16 наурызға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ