Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 26ақпандағы №3 Қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 06 сәуіріне тағайындалғанын хабарлайды.
Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 27ақпаннан басталып, 2025 жылдың 11 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Нұраталды, Өспен ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 16 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 16 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 05сәуірінде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.
Қарағанды облысы Шет ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы