2025 жылдың 23 ақпанында өткен Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Әкімдікке кандидаттар саны - 3, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 2 кандидат.
Сайлаудың өтуін бақылауға 1 "Amanat" партиясының байқаушысы, 1 кандидаттың сенімді адамы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Сайлау округінде әкім сайланды.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 199 азамат енгізілді, оның ішінде 127 (63,8%) дауыс беруге қатысты.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Дюсембаев Медет Болатұлы – 106;
Елеусизова Аккыз Кенесовна – 11;
Изатбеков Сұңғат Ерланұлы – 8;
Барлығына қарсы – 0.
Ортау ауылдық округінің әкімі болып Дюсембаев Медет Болатұлы сайланды, 1987 жылы туған, Ортау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шет ауданы Ортау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ