Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 2 ақпанда Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2025 жылғы 23 ақпанға тағайындалған Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.
2025 жылғы 2 ақпан сағат 18:00-ге Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылып, оның 3-і (100%) тіркелгендігін хабарлады. Тіркелген үміткерлердің 2-і ер, 1-і әйел адам.
3 кандидаттың білімі жоғары, мамандықтар бойынша 3-і заңгер.
Тіркелген кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.
2025 жылғы 2 ақпан сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 22 ақпан сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ