Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМА
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес 2025 жылдың 23 ақпанына тағайындалған Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:
- Дүйсембаев Медет Болатұлы - 1987 жылы туған, Ортау ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы, Шет ауданы Ортау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Елеусізова Аққыз Кеңесқызы – 1981 жылы туған, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы, Шет ауданы Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Изатбеков Сұңғат Ерланұлы – 1994 жылы туған, Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.
Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы