Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне

 кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2025 жылғы 28 қаңтарда  Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2025 жылғы 16 – 28 қаңтар аралығында Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің 2-і ер, 1-і әйел адам.

Кандидаттардың орташа жасы - 37 жас. Ең жас үміткер 30 жаста, үміткерлер арасында ең үлкені 43 жаста.

3 кандидаттыңда білімдері жоғары, мамандықтар бойынша 3-іде заңгер.

Ұсынылған кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу ағымдағы жылғы 2 ақпанға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
29 января 2025