Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қарағанды облысы Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабы 3 тармағына, 113-1бабына сәйкес, Қарағанды облысы Шет  ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 1 қаулысымен Қарағанды облысы Шет ауданының Ортау ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 23 ақпанына тағайындалғанын хабарлайды.

Ортауауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 16 қаңтарынан басталып, 2025 жылдың 28 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Ортауауылдық округі әкімінекандидаттарды тіркеу мерзімі барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлау алдындағы үгіт 2025 жылдың 2 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2025 жылдың 22 ақпанында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады:Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай жырау көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663.

 

 

Қарағанды облысы Шет ауданының

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 января 2025