Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, 2024 жылдың 22 желтоқсанында өткен К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары бойынша Шет аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №51 шешімімен
Көпенов Әбсамат Егінбайұлы - 1963 жылы туған, Шет ауданының Қызылтау ауылының тұрғыны, Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ