2024 жылдың 22 желтоқсанда өткен Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Әкімдікке кандидаттар саны - 3, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 2 кандидат.
Сайлаудың өтуін бақылауға 1 "Amanat" партиясының байқаушысы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Сайлау округінде әкім сайланды.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 96 азамат енгізілді, оның ішінде 59 (61,5%) дауыс беруге қатысты.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Махметов Темірлан Төкенұлы – 6;
Көпенов Әбсамат Егінбайұлы – 47;
Шахмин Тағат Баяндыұлы – 5;
Барлығына қарсы – 0.
К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі болып Көпенов Әбсамат Егінбайұлы сайланды, 1963 жылы туған, К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шет ауданы Қызылтау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ