Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы
2024 жылғы 1 желтоқсанда Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-ге Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне 4 кандидат ұсынылып, оның 3-і (75%) тіркелгендігін хабарлады. Тіркелген үміткерлердің 3-і ер адам.
2 кандидаттың 2 жоғарғы білімі бар. Мамандықтар бойынша: 2 –заңгер және 1 мұғалім.
Тіркелген кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.
2024 жылғы 1 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 21 желтоқсан сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.
ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ