Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 22 желтоқсанына тағайындалған Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:
- Көпенов Әбсамат Егінбайұлы - 1963 жылы туған, К.Мыңбаев ауылдық округі әкімі аппартының бас маманы, Шет ауданы Қызылтау ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
- Махметов Темірлан Төкенұлы – 1995 жылы туған, Шет ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Шахмин Тағат Баяндыұлы – 1969 жылы туған, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, Шет ауданының Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.
Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.
Шет аудандық сайлау комиссиясы