Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне

 кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 26 қарашада  сағат 18:00-де Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2024 жылғы 14 және 26 қараша аралығында Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округі әкімдігіне 4 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - 3. Ұсынылған үміткерлердің 3-і ер, 1-і әйел адам.

Кандидаттардың орташа жасы - 42 жас. Ең жас үміткер 26 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 61 жас.

2 кандидатта 2 жоғарғы білімі бар. Мамандықтар бойынша: 3 –заңгер және 1 мұғалім.

Ұсынылған кандидаттардың 4-і мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
27 ноября 2024