Шет аудандық сайлау комиссиясының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімдерін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Шет аудандық сайлау комиссиясының

Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімдерін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының  1-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 17 қарашада өткен Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлау қорытындылары бойынша Шет аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 19 қарашада №45 шешімімен  әкімдер тіркелді:

  • Мұстафин Сержан Шайхыұлы, 1978 жылы туған, Ақадыр кентінің тұрғыны, Шет ауданының Дәрия кентінің әкімі;
  • Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы, 1975 жылы туған, Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, Шет ауданының Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі.
  •  

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
19 ноября 2024