2024 жылдың 17 қарашасында өткен Шет ауданының Дәрия кенті және Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР

2024 жылдың 17 қарашасында өткен Шет ауданының Дәрия кенті және Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР

 

2024 жылдың 17 қарашасында Шет ауданының Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Шет  аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 770 азамат енгізілді, оның ішінде 490 (66,64%) дауыс беруге қатысты.

Әкімдікке кандидаттар саны - 6 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 2 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 4 кандидат.

Сайлауға кандидаттардың 9 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясы мен аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 4 байқаушысы қатысты.

Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.

2 сайлау округінде әкімдер сайланды.

 

Дәрия кенті бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 219 азамат енгізілді, олардың 156-і (71,23%) дауыс берді.

Ардақұлы Қуаныш – 11;

Махметов Темірлан Төкенұлы – 14;

Мұстафин Сержан Шайхыұлы - 122

Барлығына қарсы – 7.

         Дәрия кентінің әкімі болып  Мұстафин Сержан Шайхыұлы сайланды, 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

Көктіңкөлі ауылдық округі бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 551 азамат енгізілді, олардың 334-і (60,6%) дауыс берді.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жакенов Абзал Төлеуұлы – 17;

Жумагулова Алия Балтабаевна – 18;

Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы – 282

Барлығына қарсы – 11.

         Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі болып Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы сайланды, 1975 жылы туған, Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Дата публикации
18 ноября 2024