2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған Қарағанды облысы Шет ауданы К.Мынбаев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Шет аудандық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 13қарашадағы

№42 шешімімен бекітілді

 

2024 жылғы 22 желтоқсанға тағайындалған

Қарағанды облысы Шет ауданы К.Мынбаев атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1. Ауылдық округ әкімінің сайлауын тағайындау

 

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

- 2024 жылы 13 қараша

(113-1 б. 2,3-т)

2. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтерінің шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, олардың тізімін жариялау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 2024 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей.

(22 б.)

 

3. бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - – 2024 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей.

(13 б. 4 т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында учаскелік сайлау комиссияларының құрамын жариялау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2024 жылғы 28 қарашадан кешіктірмей.

(17 б.2 т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет ауданы әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

- 2024 жылғы 28 қарашадан кешіктірмей.

(23 б.5 т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Саяси партиялар, белгіленген тәртіппен тіркелген азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2024 жылғы 14қарашада басталады және 2024 жылы

26 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-3 б. 5 т.)

7. Әкімдікке кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

(4 бап. 4 т, 113-2-б.)

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

(14 б. 2-1) т., 31 б.)

 

9. Әкімдікке өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға, қолдап қолжинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың осы Конституциялық заңда, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей.

(113-4 бап)

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы,

Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып.

Тиісті сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтары тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде өткізіледі.

(113-4 б. 7 т.)

11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу

 

Әкімдік кекандидаттар,

Саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін.

(113-5 б. 2 т.)

12. Ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне (2024жылғы 1 қарашаға) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

2024 жылы 1 қараша

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Кандидатты тіркегенге дейін.

(113-5 б. 3 т.)

13. Кандидат пен оныңзайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде.

(113-5 б. 4 т.)

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2024 жылы 1 желтоқсандажергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

(113-5 бап)

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей.

 (113-5 б. 9 т.)

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және Шетаудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін.

 (28 б. 6 т.)

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 1 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024жылғы

21 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

(27 б. 2 т.)

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайлар дакандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде.

(28 б. 4 т.)

 

19. Әрбірсайлауучаскесібойыншаәкімқолқойғансайлаушылардыңтізімдерінсайлаукомиссиясына акт бойыншаұсыну

 

Шет ауданының әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2024 жылы 2желтоқсанғадейін.

(24 б. 5 т.)

20.Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күнқалғанда

2024жылғы 7желтоқсаннанбастап.

(26 б. 1 т.)

21. Сайлаушылардыдауыс беру күні, уақытыжәнеорнытуралыхабардарету

 

Учаскеліксайлаукомиссиялары

Дауыс беру өткізілетінкүнненкемінде он күнбұрын

2024жылғы12желтоқсанғадейін.

(18 б. 5) т., 38 б. 2 т.,)

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлауға дейін кемінде үш күн бұрын және бір күн бұрын

2024 жылғы 19желтоқсаннан ерте емес және 21желтоқсаннанкешіктірмей.

(37 б. 3 т.)

23. Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

2024 жылы 22желтоқсандажергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де.

(40 б. 1т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат

07.00-ден 20.00-ге дейін.

(38 б.1 т.)

25. Сайлау учаскесінде әкімді сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады.

(18-б. 8)т., 43б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(43 б. 8 т.)

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу.

(113-8 б.1 т.)

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей.

(113-10 б.1 т.)

29.Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2024 жылғы 28 желтоқсаннан кешіктірмей.

(44 б.)

30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Шетаудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді оғарғаны туралы   жазбаша өтініш алынғаннан кейін.

2024 жылғы 28 желтоқсаннан кешіктірмей.

(45-б., 46-б. 3-т., 113-11-б. 1-т.)

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы"Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер беріледі.

Дата публикации
13 ноября 2024