Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 27 қазан күні сағат 18:00 де  Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сөз сөйледі.

2024 жылғы 27 қазан сағат 18:00-ге Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне 8 кандидат ұсынылып, оның 7-і (87,5%) тіркелгендігін хабарлады.

Тіркелген  үміткерлердің ішінде 6 ер адам және 1 әйел адам бар.

Мамандықтар бойынша: 1 – қаржыгер, 3 – заңгер, 2 – инженер, 1 - басқа. 2 кандидатта 2 жоғары білімі бар.

Тіркелген кандидаттардың 6-ы мемлекеттік қызметші, 1-і жеке кәсіпкер.

2024 жылғы 27 қазан сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының  Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 16 қараша сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

                                                                            

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
28 октября 2024