ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ
Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМАСЫ
Шет аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 26 қазанда "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 17 қарашасына тағайындалған Шет ауданының Дәрия кенті, Көктіңкөлі ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:
Дәрия кенті:
- Ардақұлы Қуаныш – 1997 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Махметов Темірлан Төкенұлы – 1995 жылы туған«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Мұстафин Сержан Шайхыұлы - 1978 жылы туған, Шет ауданының К.Мыңбаев атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақадыр кентінің тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Көктіңкөлі ауылдық округі:
- Базарбаев Амангелді Аманжолұлы - 1991 жылы туған, "UNI Astana" ЖШС-нің директоры, «КХ Әділет» шаруа қожалығының инженер-механигі, Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Жакенов Абзал Төлеуұлы – 1980 жылы туған, «С.Сейфуллин атындағы кент әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Жумагулова Алия Балтабаевна - 1990 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің іс-жүргізу жөніндегі инспекторы, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;
- Қоршабеков Қуаныш Тегісұлы– 1975 жылы туған, Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі, Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;
Шет аудандық сайлау комиссиясы