Шет ауданының Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2024 жылғы 22 қазан күні сағат 18:00-де Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.
Шет ауданының Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Д.Амангельдинов сөз сөйледі.
2024 жылғы 10-22 қазан аралығында Шет ауданының Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне 8 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 2, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 6. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 7 ер адам және 1 әйел адам бар.
Кандидаттардың орташа жасы - 37 жас. Ең жас үміткер 27 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 49 жас.
Мамандықтар бойынша: 1 – қаржыгер, 4 – заңгер, 2 – инженер, 1 - басқа. 2 кандидатта 2 жоғары білімі бар.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 1 жеке кәсіпкер мен 7 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.
Қазіргі уақытта Дәрия кенті мен Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 27 қазанға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.
ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ