Шет аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Шет аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:
- "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына және 113-1 бабына сәйкес Дәрия кенті және Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалды.
- 2024 жылдың 17 қарашасына тағайындалған Дәрия кенті және Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:
- Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2024 жылдың 10 қазаннан басталып, 2024 жылдың 22 қазаны сағат 18:00-де аяқталады;
- Әкімдікке үміткерлерді тіркеу барлық қажетті құжаттар ұсынылғаннан кейін басталады және 2024 жылдың 27 қазаны сағат 18:00-де аяқталады.
- Үгіт мерзімі: 2024 жылдың 27 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден басталып, 2024 жылдың 16 қарашасында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласуға болады: 101700, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Жанқұтты би көшесі 91/1, байланыс телефоны 8/71031/21663
Шет аудандық сайлау комиссиясы