«Шет ауданы Бұрма ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 лауазымына бағалаушыларды іріктеу жөнінде хабарлама

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты»  ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

 

«Шет ауданы әкімінің аппараты»  ММ «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін  

 

  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
  • Құрылыс, сәулет және жер қатынастары
  • Мұрағат ісі және құжаттамалық қамтамасыз ету

 

бағыты бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді.

Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.

Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және A.Nurmukhanova@karaganda-region.gov.kz электрондық поштасына еңбек  жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

 

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

 

2024 жылғы 04-10 қыркүйек аралығы

 

 

Дата публикации
03 сентября 2024