2024 жылдың 4 тамызда өткен Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАР
Ағымдағы жылдың 4 тамызында Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 340 азамат енгізілді, оның ішінде 208 (61,2%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 3 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 2 кандидат.
Сайлаудың өтуін бақылауға кандидаттардың 3 сенімді тұлғасы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Сайлау округінде әкім сайланды.
Ақой ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 340 азамат енгізілді, олардың 208-і (61,2%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Канатов Бекзат –13;
Қасым Жасұлан Тлеужанұлы – 153;
Шахмин Тагат Баяндыулы – 19;
Барлығына қарсы – 19.
Ақой ауылдық округінің әкімі болып Қасым Жасұлан Тлеужанұлы сайланды, 1981 жылы туған, Ақой ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Ақой ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ