Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 14 июля  Шет ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2024 жылғы 4 тамызға тағайындалған Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдіігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Акеева сөз сөйледі.

2024 жылғы 14 шілде сағат 18:00-ге Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат ұсынылып, оның 3-і (100%) тіркелгендігін хабарлады. Тіркелген  үміткерлердің 3-і ер адам.

Мамандықтар бойынша 3 кандидатта 2 жоғарғы білімі барлар: 2 –заңгер және 1 мұғалім.

Ұсынылған кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.

2024 жылғы 14 шілде сағат 18:00-ден бастап Шет ауданының  Ақой ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 3 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ-та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

                                                                            

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

 

Дата публикации
14 июля 2024