Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМА

Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 4 тамызына тағайындалған Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:

         - Қанатов Бекзат – 1980 жылы туған, «Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім орынбасары, Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Қасым Жасұлан Тлеужанұлы - 1981 жылы туған, Ақой ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Ақой ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;

- Шахмин Тағат Баяндыұлы – 1969 жылы туған, «Көктіңкөлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман, Шет ауданының Көктіңкөлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.

     

       Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
12 июля 2024