Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне

 кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 9 шілдеде  Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Акеева сөз сөйледі.

2024 жылғы 27 маусым мен 9 шілде аралығында Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімдігіне 3 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 1, өзін-өзі ұсыну тәртібімен - 2. Ұсынылған үміткерлердің 3-і әйел адам.

Кандидаттардың орташа жасы - 47 жас. Ең жас үміткер 43 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 54 жас.

Мамандықтар бойынша 3 кандидатта 2 жоғарғы білімі барлар: 2 –заңгер және 1 мұғалім.

Ұсынылған кандидаттардың 3-і мемлекеттік қызметші.

Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 14 шілдеге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
09 июля 2024