Сайлауды тағайындау туралы

Шет аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына және 113-1 бабына сәйкес Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 4 тамызға тағайындалды.
  2. 2024 жылдың 4 тамызға тағайындалған Шет ауданының Ақой ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:

-     Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2024 жылғы 27 маусымда басталып, 2024 жылғы  9 шілде сағат 18:00-де аяқталады;

-     Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2024 жылғы 14 шілде сағат 18:00-де аяқталады.

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Шет аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 24 шешімі
Дата публикации
26 июня 2024