2024 жылдың 09 маусымында өткен Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері және Ақжал кенті әкімдерінің сайлауы қорытындылары туралы ХАБАР
Ағымдағы жылдың 09 маусымында Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері және Ақжал кент әкімдерінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 2946 азамат енгізілді, оның ішінде 1900 (64,49%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 9 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 3 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 6 кандидат.
Сайлауға кандидаттардың 5 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясынан 3 бақылаушы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Барлық 3 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Ақшоқы ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 262 азамат енгізілді, олардың 184-і (70,2%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Жакенов Абзал Төлеуұлы – 11,
Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлы – 157,
Махметов Темірлан Төкенұлы – 12,
Барлығына қарсы – 1.
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі болып Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлы сайланды, 1986 жылы туған, "Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппаратының" ММ бас маманы, Шет ауданы Ақшоқы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Киікті ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 495 азамат енгізілді, олардың 341-і (68,9%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Болатов Ансар Қарпықұлы – 24,
Медиа Балауса Жандәулетқызы – 39,
Смағұлов Мерей Қуатбекұлы – 264,
Барлығына қарсы – 12.
Киікті ауылдық округінің әкімі болып Смағұлов Мерей Қуатбекұлы сайланды, 1987 жылы туған, Киікті ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Киікті ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
Ақжал кенті бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2189 азамат енгізілді, олардың 1375-і (62,8%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ардақұлы Қуаныш – 116,
Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлы – 1138,
Жақанов Олжас Мұсағұлұлы – 99,
Барлығына қарсы – 13.
Ақжал кентінің әкімі болып Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлы сайланды, 1997 жылы туған, "Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімі аппараты" ММ Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ