Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Төлеуқұлов Шет ауданының мемлекеттік бөлім басшылары және ауылдық округ, кент әкімдері зуум бағдарламасы арқылы қызметкерлерімен кездесіп семинар-кеңес өткізді

23 сәуірде «Шет ауданы әкімі аппараты»  ММ  Әдеп жөніндегі уәкілі Н.Төлеуқұлов  Шет ауданының мемлекеттік бөлім басшылары және ауылдық округ, кент  әкімдері  зуум бағдарламасы  арқылы қызметкерлерімен кездесіп  семинар-кеңес өткізді.

Жемқорлық - ол ғасырлар бойы мемлекеттің дамуына және кез - келген саланың өсіп - өркендеуіне кері әсер ететін тамыры тереңге жайылған ең үлкен дерт.  Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттің органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындаулын қамтамасыз етуге міндетті.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтар және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Олар жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметшілердің атына айтылатын сын-ескертпелер де жоқ емес.

Кездесу барысында Әдеп жөніндегі уәкіл тарапынан мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңы туралы түсіндірілді.

        

 

Дата публикации
06 июня 2024