Шет ауданының Ақжал кенті, Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМА

ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

Шет ауданының Ақжал кенті, Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ХАБАРЛАМА

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 09 маусымына тағайындалған Шет ауданының Ақжал кенті, Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:

 

Ақжал кенті:

- Ардақұлы Қуаныш – 1997 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Әбдірәсіл Ерасыл Бекболатұлы - 1997 жылы туған, «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Қарағанды қаласының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;

- Жақанов Олжас Мұсагұлұлы – 1991 жылы туған«Ақадыр кенті әкімінің аппараты» ММ-нің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, Шет ауданы Ақадыр кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

 

Ақшоқы ауылдық округі:

- Жакенов Абзал Төлеуұлы – 1980 жылы туған, «С.Сейфуллин атындағы кент әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданы С.Сейфуллин кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

 - Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлы– 1986 жылы туған, «Ақшоқы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданы Ақшоқы ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;            

- Махметов Темірлан Төкенұлы – 1995 жылы туған«Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

     

Киікті ауылдық округі:

- Болатов Аңсар Қарпықұлы – 1992 жылы туған, «Төменгі Қайрақты ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданы Төменгі Қайрақты ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

 - Медиа Балауса Жандәулетқызы – 1998 жылы туған, «Босаға ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданы Босаға ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Смағұлов Мерей Қуатбекұлы – 1987 жылы туған Киікті ауылдық округінің әкімі, Шет ауданы Киікті ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен;

 

       Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.

 

 Шет аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
18 мая 2024