Шет ауданының Ақшоқы және Киікті ауылдық округтері, Ақжал кенті әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

Шет ауданының Ақшоқы және Киікті ауылдық округтері, Ақжал кенті әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

 

2024 жылғы 14 мамыр күні сағат 18:00-де Шет аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері мен Ақжал кенті әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы" шешім қабылданды.

Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері мен Ақжал кенті әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы баяндамамен аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Д.Амангельдинов сөз сөйледі.

2024 жылғы 2-14 мамыр аралығында Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері мен Ақжал кенті әкімдеріне 11 кандидат құжат тапсырғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 3, өзін - өзі ұсыну тәртібімен - 8. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 9 ер адам және 2 әйел адам бар.

Кандидаттардың орташа жасы - 32 жас. Ең жас үміткер 26 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас - 44 жас.

Мамандықтар бойынша: 1 – қаржыгер, 6 – заңгерлер, 4-басқа.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің 1 қызметкері мен 10 мемлекеттік қызметші құжат ұсынды.

Қазіргі уақытта Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері мен Ақжал кенті әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі жүргізілуде, тіркеу 2024 жылғы 19 мамырға дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді.

 

ШЕТ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ

Дата публикации
14 мая 2024