Шет аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Шет аудандық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 Шет аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды:

  1. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 14 бабының 3 тармағына және 113-1 бабына сәйкес Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері және Ақжал кенті әкімдерінің сайлауы 2024 жылғы 09 маусымға тағайындалды.
  2. 2024 жылдың 09 маусымға тағайындалған Шет ауданының Ақшоқы, Киікті ауылдық округтері және Ақжал кенті әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді:
  • Әкімдікке үміткерлерді ұсыну 2024 жылдың 02 мамырында басталып, 2024 жылдың  14 мамыры сағат 18:00-де аяқталады;
  • Әкімдікке үміткерлерді тіркеу 2024 жылдың 19 мамыры сағат 18:00-де аяқталады.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

 

Шет аудандық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 1 мамырдағы № 20 шешімі
Дата публикации
01 мая 2024