2024 жылдың 14 сәуірде өткен Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАР
Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шет аудандық сайлау комиссиясы ҚР "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, әкімдерді сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 524 азамат енгізілді, оның ішінде 329 (62,79%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке кандидаттар саны - 3 адам, оның ішінде "Amanat" партиясынан 1 кандидат, өзін-өзі ұсыну арқылы 2 кандидат.
Сайлаудың өтуін бақылауға кандидаттардың 2 сенімді тұлғасы және "Amanat" партиясынан 2 бақылаушы қатысты.
Сайлау заң талаптарын сақтай отырып, заңбұзушылықсыз өтті. Прокуратура органдарына шағымдар мен арыздар түскен жоқ, соттарға талап-арыздар енгізілген жоқ.
Сайлау округінде әкім сайланды.
Тағылы ауылдық округі бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 524 азамат енгізілді, олардың 329-ы(62,79%) дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алишев Санат Қанатұлы – 271;
Жумагулова Алия Балтабаевна – 17;
Махметов Темірлан Төкенұлы – 22;
Барлығына қарсы – 8.
Тағылы ауылдық округінің әкімі болып Алишев Санат Қанатұлысайланды, 1988 жылы туған, Тағылы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Шет ауданы Жұмыскер ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.
ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ