Мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына орналасуға конкурстық комиссияның шешімі
2024 жылдың 06 наурызында уәкілетті органның және мемлекеттік органның сайтында «Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (санаты Е-R-3, қызмет №01-1-1, А блогы), «Өспен ауылдық округі әкімі аппаратының» ММ бас маманы (санаты Е-G-3, №14-2, В блогы) барлығы 2 бос орнына ішкі конкурс жарияланғандығын айтты.
Конкурстық комиссия үміткерлер ұсынған құжаттарды қарастырып, кәсіби тәжірибесін, басқару және коммуникативтік дағдыларын ескере отыра, үміткермен өткізген әңгімелесу қорытындысын талқылай келе бір ауыздан ШЕШІМ ЕТТІ
Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (санаты Е-R-3, қызмет №01-1-1, А блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Жуматов Боранкул Саулебекович ұсынылды.
«Өспен ауылдық округі әкімі аппаратының» ММ бас маманы (санаты Е-G-3, №14-2, В блогы) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына құжат тапсырған үміткер жоқ. Жалпы конкурс шығару жөнінде шешім қабылданды.