Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкіміне тіркелген кандидаттар туралы ШЕТ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Шет аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес 2024 жылдың 14 сәуіріне тағайындалған Шет ауданының Тағылы ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттардың тіркелгендігін хабарлайды:

- Алишев Санат Қанатұлы – 1988 жылы туған, «Тағылы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бас маманы, Шет ауданының Жұмыскер ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясының ұсынуымен.

- Жумагулова Алия Балтабаевна - 1990 жылы туған, «Шет ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің бас инспекторы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен;

- Махметов Темірлан Төкенұлы – 1995 жылы туған, «Шет ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынумен.

     

       Кандидаттардың тіркелгендігі жөніндегі хабарлама аудандық «Шет шұғыласы» газеті мен аудандық сайлау комиссиясының сайтында жарияланды.

 

Шет аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 марта 2024